Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.01.2018

 

 

Елбасымыздың жалау

еткен Жолдауы

 

            Халқымыздың өткенге құрметі, бүгінге шүкірлігі мен келешектегі ұлы мақсаты,

осының бәрі аталған  идеяның төңірегінде шоғырланған сияқты.Тіпті, Елбасымыз айтпақшы,

патриотизм дегеннің өзі-осы Мәңгілік ел. Бұл – біздің талпынар мақсат, шығар биігіміз. Жалпы мен бұл жерде

«біз» деген сөзді тегіннен- тегін қолданып отырған жоқпын. Біз – ол тағдырлас,

бауырлас, тамырлас қазақстандықтар.

            Н.Ә. Назарбаев биылғы Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10

міндет айқындалғанын атап өтті. Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа

сапасына қатысты.

"Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс.

Мұғалім мамандығының беделін көтеру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану

арқылы аурудың алдын алу мен оны емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық

қызметтің сапасын көтеру қажет. 2016 және 2017 жылдары әлеуметтік төлемдер

мемлекет тарапынан үш рет көтерілді. Соның ішінде базалық зейнетақы 29 пайызға,

ынтымақты зейнетақы 32 пайызға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 28

пайызға дейін, білім беру 29 пайызға дейін, мемлекеттік қызметкерлердікі 30

пайызға өсті. Бұл үрдіс биыл да жалғасады", — деді Елбасы.  

Елбасының айтуынша, осы жылы бюджеттің әллеуметтік салаға

шығындары 12%-ға ұлғайып, 4 триллион теңгеден асады. 

"Базалық зейнетақы еңбек өтілін есепке ала отырып

орташа есеппен 1,8 есеге ұлғаяды. Оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны

аясында қайтадан оқыған мұғалімдердің лауазымдық жалақысы дәлелденген

біліктілігіне байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі", — деді Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына

арнаған Жолдауы еліміздің болашақ бағыт – бағдарын айқындайтын маңызды құжат

деп білемін.Осы жылдағы Жолдауда әр жылдағыдай біздің өмірімізді жан-жақты

қамтыды. Жалпы алғанда Қазақстан Президентінің жылдағы халыққа жолдаған

жолдауын қолдаймыз, осы елдің азаматы ретінде толығымен келісіп қана қоймай, маман ретінде өз қызметтерімізді

атқарамыз.

Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст