Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың сәуір айының 22-сі күні тхэквондодан турнир өткізілді. Турнирге «Жұма-Нұр» клубының мүшелері Қоянды -1, Арайлы орта мектебі, Астана қаласынан ЦСКА клубы және мектебіміздің оқушыларынан іріктелген 50-ге жуық оқушы қатысты. Дәрежелерге сай 20кг бастап +60кг салмақ бойынша орындарды сарапқа салды.
Ашылу салтанатында «Жұма-Нұр» спорт клубының жетекшісі А.Ж.Маханбетов пен мектеп директоры Х.Т.Қаржаубай жас спортшыларды құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігін тілге тиек етіп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Осы іс-шараның көркем безендірілуіне атсалысқан аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жанабекова Жания Маратқызына, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшелері Нурпеисова Раушан Серікбайқызы, Нецлова Олеся Васильевна, Ақылбекова Асия Шыныбекқызы, Токтаған Манарбекке және қолдауы мен демеушілік көрсеткен ата-аналарға мектеп әкімшілігінің атынан алғысымызды білдіреміз. Балаларыңыз тек биік шыңдарды бағындырып, қуанышқа бөлей берсін. Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Қ. Дуйсенова
Тел: 87016821946