Текст
Жас ұрпақ тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет
2023 жылдың ақпан айының 25 күні Ынтымақ ауылында ювеналды полиция инспекторы Кашкенов М.Ж, ювеналды полиция аға инспекторы Булегенов А.Б, мектептің тәрбие ісінің ұйымдастырушысы Дуйсенова А.К және мектептің тәлімгері Жарқын Д түнгі уақытта«Түнгі ауыл балалары» атты рейд жұмысын ұйымдастырды. Түнгі рейдтің мақсаты- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ профилактикалық шараларды жүргізу болатын. Оған сәйкес, 18 жасқа толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынады. Рейд барысында мектеп оқушылары тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.