Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оразхан Алмагул ағымдағы жылдың 23-ақпан күні 6 «А» сыныбында Young writers (Жас жазушылар) тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сынып үш топқа бөлінді. Сабақ барысында оқушылар мультимедиялық құралмен аудиожазба арқылы мәтінді тыңдап, әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынды. Оқушылар әртүрлі тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренді. Сұрақ-жауап диалогы, толықтыруды керек ететін жаттығулармен оқушылар бірігіп жұмыс істеді.
Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігі артты.
Оқушылар «Американдық жас жазушылар» тақырыбында көптеген мәліметтермен танысты.
Сабақ тартымды өтті.
Мектеп директоры Қаржаубай Х. Т.