Текст
Мектепте ағымдағы жылдың 07 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының аясында мұғалімдерге арналған «Эссе жазу әдістемесі» атты семинар-практикум өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Токтаган Манарбек мұғалімдердің аттестациялық тестілеу кезінде эссе жазу мұғалімдердің біліктілік санатын көтеретін талаптардың бірі екендігін және эссенің жазылу тәртібі туралы таныстырды. Шығарма да, эссе де – әдеби жанр болғанымен олардың мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы, стилі әртүрлі болатындығын айта келе, мұғалімдерге таңдау тақырыптары бойынша эссе жазуды ұсынды. Семинар тақырыбы өзекті болғандықтан, семинар-практикумның тағылымы да мол болды.
Мектеп директоры Қаржаубай Х.Т.