Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Жаңаесіл жалпы орта білім беретін тірек мектебінде "Сабақты зерттеу тәсілін тәжірибеде қолдану" тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға серіктес мектептерден мұғалімдер қатысып, тәжірибе алмасты. Семинарда Көкшетау қаласындағы ПШО филиалының директоры Нугербаев Т. К. тікелей эфир арқылы ЛС зерттеу сабағы туралы тәжірибесімен бөлісті. Келесі кезеңде мектептің Ғылыми әдістемелік ісінің орынбасары Кожабекова Г.Ж. мен Андрушинас О.А. "Сабақты зерттеу тәсілін жоспарлау" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар, мектеп тренері Жусупова Р.Ш. "Сабақты зерттеу тақырыбын анықтау " тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тірек мектеп мұғалімдері үш зерттеу сабағын өткізіп, өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Астана қаласы "Ә. Бөкейханов атындағы № 76 мектеп-лицейі" ШЖҚ МКК "Сабақты зерттеуден іс-әрекетті зерттеуге өту" деген тақырыпта постерлік-презентациясының таныстырылымын жасады. Семинар жоғары деңгейде өтті.
Мектеп директоры Қаржаубай Х. Т.