Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Коучинг

20.01.2023

          Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні мектепте желілік қоғамдастықтағы тірек мектебінің ұстаздарымен бірлесіп, «Сабақты зерттеу тәсілін жоспарлау» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингтің мақсаты - мұғалімдер іс-тәжірибесіндегі практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. Мектепте қызығушылық танытқан ұстаздар қауымымен ынтымақтастық орта қалыптастырып, мұғалімдердің кәсіби әлеуетін,қажетті дағдыларын, көзқарастарын заман талабына сай өзгеруіне көмек көрсеткен әріптестеріміз - Целиноград ауданы Жаңаесіл мектебінің ғылыми әдістемелік орынбасары, мектеп тренері Кожабекова Г.Ж., мектеп координаторы Андрушинас О.А. және мектеп тренері Жусупова Р.Ш.

        Желілік қоғамдастықта осы коучингті өткізу арқылы мұғалімдерге сабақты зерттеу тәсілін жоспарлаудың қадамдары, мұғалімдер топтарын құру, зерттеу сұрағын таңдау барысында проблемаларды анықтау сұрақтары қаралды. Мұғалімдерге оқыту мен оқудағы өз құзыреттіліктерінің тәжірибелік маңыздылығы туралы талдау жасатып, ойларын ортаға салу арқылы ынтымақтастықта тапсырмаларды орындатып кәсіби шеберліктерін шыңдауға көмектерін тигізді. Сабақты зерттеу тәсілдерін жетілдірген мұғалімдер өз жұмысында, оқушыларды оқытуда қолдана білсе, олардың оқуға деген қызығушылықтары артады. Сабақты зерттеу - мектептің білім сапасын жақсартуда, ұстаздардың өз білімін жетілдіруде пайдасын тигізетін керек тәсіл деп санаймын.

Мектеп директоры Қаржаубай Х. Т. 

Просмотров: 275


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст