Елімізде 2010 жылдан бері жыл сайын Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 29 қазан - Қамқоршылар күні мерекесі атап өтіледі. Осы мерекенің мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды, өзгенің қайғысына, өзгенің баласына бей-жай қарамайтын азаматтарды қолдау. Қамқоршы –өз отбасына түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алып, үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген адамдар. Қазақта «Басыңа іс түссе- жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» деген нақыл сөз бар.
Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген шағын мерекелік концерт осындай қамқоршы жандарға арналып, оларға ризашылық білдіру, алғыс айту мақсатында өткізілді. Іс-шара аясында мектеп директоры Қаржаубай Х.Т. құттықтау сөзін сөйлеп, әрбір адам қажет болған жағдайда бір-біріне қамқоршы, қолдаушы болу керек екендігін айтып өтті. Мектеп психологы Өнербекқызы Ж оқушылармен тренинг өткізді.