Текст
Кеше 21 қазан күні Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Нұрахмет Айнагүл Кәдірханқызы 9 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы бөлімі бойынша Хрущев кезеңіндегі өнеркәсіптің дамуы.
Сабақ мақсаты бойынша білім алушылар XX ғ. ІІ жартысында өнеркәсіп кешендерінің дамуы туралы білді, 1957 жылғы реформаның себептері мен мәнін айқындады. Сабақ нәтижелі болды.