2022 жылдың 20 қазан күні мектепте кезекті төтенше жағдайлар және өрт кезіндегі қауіпсіздік оқу-жаттығулары өтті.
Басты мақсаты – қызметкерлер мен оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдай туындаған кезде мектеп оқушылары мен мұғалімдерін шұғыл жағдайда көшіру дағдыларын пысықтау
Мектептің АӘТД ұйымдастырушысы Тұрғанбек Ж.С. төтенше жағдайларда шұғыл көшіруге дайындық барысында жоспар әзілеп, мектеп ғимаратының әр қабатына кезекші мұғалімдер тағайындады. Сынып ұжымдары мұғалімдерімен бірге өрт қауіпсіздігі дабылы бойынша шұғыл түрде мектеп ғимаратын 5 минут аралығында босатты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенова А. К. білім алушылардың мектептен толық шыққандығы туралы тексеріп өтті.
АӘТД ұйымдастырушысы Тұрғанбек Ж. С. мектеп директорына қызметкерлер мен оқушылардың толық эвакуацияланғандығы туралы баяндап берді. Оқу-жаттығу нәтижесі төтенше жағдай орын алғанда шұғыл мектеп ғимаратын босатуға мектеп оқушылары мен қызметкерлері дайын екенін көрсетті.