Текст
Шымкент қаласында 2022 жылдың 9-11 қазан аралығында тхэквондодан ІІІ халықаралық «SHYMKENT CUP» турнирі болып өтті. Аталған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген 800 астам мықты спортшылар бақ сынасты.
Өз салмақ дәрежесінде Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Мадиханқызы Мейрамгүл ІІІ орын иеленді.