Түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру
Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!
Ахмет Байтұрсынов
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысына қанағаттандыратын тың бағдарлама.Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті қойылған.Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.Сабақ-мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласыда шет қала алмайды.Мен Ынтымақауылы №10 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дуйсенова Айгүл Қайсарқызы. Еңбек өтілім 7 жыл. Өз сабағымды өткізу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын көп қолданамын. Ең бірінші менің мақсатым сыныпқа кірген оқушылардың назарын тарих сабағына аудару болып табылады. Ол үшін әр-түрліәдіс-тәсілдерді қолданамын. Атап айтар болсам «Миға шабул», «Сұраққа жетіп ал» т.б . осындай әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушының сұраққа жауап бере отырып,ой-өрісін дамытады,ойын еркін жеткізеді. Осындай әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сабақты ашып алуға да болады. Сабақта көп жағдайда біз оқушыны мақтау, мадақатау арқылы ынталандырып отыруымыз қажет деп ойлаймын. Әр оқушы жеке тұлға. Тұлға болып қалыптасу үшін оқушыға да мадақтау айтып қойып, айтылып жатқан ойынының дұрыс және бұрыс тұстарын мұғаліммен бірге талқылап отырса оқушының білімге деген көзқарасы мен ынтасы ашылып, жан-жақты ізденіс те болып, өз-өзін дамытып отырады деп ойлаймын. Жаңартылған бағдарламаныңда мақсаты осы деп түсінемін. Жаңа бағдарламаға сай жоспар құрғанда міндетті түрде мақсатқа қол жеткізу, сол мақсатқа сай тапсырмалар, тапсырмалардан критерилерде құрастыру қажет. Айтылым, оқылым, жазылым, ескеруді ұмытпауымыз керек. Сабақты жоспарлау барысында біз ұстаз ретінде оқушының өз еркінен тыс қызығушылығын тудыратын әдіс-тәсілдердеойлап тауып қолданамыз. Мен өз сабағымда топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындатамын. Осыдан 4-5жыл бұрын біз сабақ барысында мақсатты өзіміз үшін айқындап құрастырып алатын болсақ, қазіргі жаңа бағдарламада жаңа тақырыптың мақсатымен таныстырып, нақты неге қол жеткізуіміз керек екенін айқындап аламыз. Бұнымен біз оқушыға нақты бағыт-бағдар беріп отырғанымызды білеміз.Енді жоғарыда айтып кеткендей топтық жұмыс барысында әр топ арасында бір топ екінші топқа сұрақ қою, флипчартпен жұмыс кезінде әр топ бір-бірінің жұмысына баға беру сияқты тапсырмаларды орындата отырып, оқушының тақырыпты меңгерудегі бәсекелестігін тудыруға тырысамын.Жұмыс барысында әр топ бағалап қана қоймай, сыни көз қарастары дамып, өз ойларын ашық білдіріп, кез келген жағдайда саналы шешім қабылдауға үйренеді, сонымен қатар баяндау, талқылау, жазу,арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп алады.Осы тақырыпты меңгергеннен кейін бізде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Онда оқушыларды жарайсың, керемет, жақсы, орташа, қанағттанарлық деп бағалаймыз.Сабақ соңында рефлексия міндетті түрде өткіземін. Онда жетістік баспалдағы арқылы бағалау болады. Яғни әр оқушы сабақтың басында тақырыпты қалай меңгерді, тек тақырыпты меңгеріп қана қоймай тапсырмаларды орындап, күрделі жұмыстарды орындай алды ма, қай жерде қиналды, қай жерде оңай болды,барлығы талқыланады. Сабақтың соңында кейбір түсбеген жерлерін сұрақ ретінде жазып арнайы конвертке салып, келесі сабаққа қалдырамыз. Ал келесі сабақта конверттегі сұрақтарды үй тапсырмасын сұрау бойынша қоятын боламын. Бұнымен менің айтарым, жаңартылған бағдарламада біз ұстаздар бағыт-бағдар берушіміз. Ал оқушы білім алушы. Біз қалай дұрыс бағдар берсек оқушының білім деңгейі де соған сай болады. Менің сабағыма менің оқушыларым 100% қатысады деп айта аламын. Себебі тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі қайта-қайта сұрақ қойып, түсінбегенін сұрау арқылы өзінің пәнге деген қызығушылығын білдіріп отырады.Биылғы оқу жылының 1 тоқсанын білім сапасы 80% - бен Қазақстан тарихы пәні бойынша аяқтасақ, дүниежүзі тарихы пәні бойынша 80%-бен аяқтадық. Аудандық олимпиадаға қатысып, әр қатысқан сайын оқушымӨмірзах Жанерке 3-орын иеленіп келеді.
Бұрынғы бағдарламада біз оқып, жазып, баяандап, қана отырсақ, жаңартылған бағдарламада –оқушының әр түрлі тапсырмаларды ойлап орындау арқылы ойлау қабілетін дамытады, білімін дұрыс қолдана білуге үйренеді, тіл байлығын дамытады және оқушы өз ойын дұрыс жеткізе білуге үйретеді. Әрине әр жаңашылдықтың өз жақсылығымен қиындығыда бар. Мәселен оқулық тапшылығы. Әдістемелік оқулықтардың мектептерде жоқтығы. Интернет желісінің дұрыс жұмыс істемеуі де жұмыс барысында үлкен кедергі болып табылады.Әр кабинетте компьютер, интерактивті тақта мен интернет желісі қамтылған болса бізге жұмыс жасау біраз жеңіл, әрі сабағымызда қызықты өтрме еді деген ой мазалайды. Біздің мемлекет тәй-тәй басып келе жатқан жас мемлекет болғандықтан, мұғалімнің жоспарлап өткізген сабағы сияқты ең төменгі сатыдан, ортаңғы және ең жоғарысына да жетеміз деп сенемін.
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз өлеңінде айтқандай мемлекетіміз жылдам әрі тез даму үстінде. Жоғарыда айтылған кемшіліктердің де жойылуының ауылы алыс еместігіне ен сенемін.
Жақсы мұғалім жай ғана өз пәнін жақсы білетін және өз білімен жас ұрпақты жетелейтін тұлға. Әрбір ұстаздың басты міндеті жаңа технологияның ең озық әдіс-тәсілдерін дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дамыту, одан жақсы нәтиже шығара білу деп ойлаймын.Жаңа бағдарламаны оқыту үрдісінде жаңа әдіс –тәсілдер мен стратегияларды қолдану арқылы өткен сабағымыз өмірге деген көзқарасымызды жаңа қырынан көрсететінін түсіне бастадым. Осы әдіс -тәсілдерді оқушылар бойына сіңіре отырып жақсы бәсекеге қабілетті азамат, азаматшалар тәрбиелейміз. Өнегелі шәкірттер тәрбиелеп шығаруымыз керек екенін ұқтым. Елбасымыз айтқандай «Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашақ». Бүгінгі күні болашақ ұрпақтың білімді болуы ертеңгі күннің нұрлы болуының кепілі демекпін.