Ынтымақ ауылының жалпы білім беретін мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясының жұмысы туралы
2022 оқу жылының 01 тамыз -31 қыркүйек аралығында "Мектепке жол"акциясына іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде.
Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде бекітілген тізімге сәйкес жетім балалар, көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасы балалары оқиды. Қазіргі уақытта мектепте 156 оқушы және мектепалды сыныптарында 15 тәрбиеленуші оқиды. Жалға алушылар мен кәсіпкерлерге демеушілік көмек туралы хаттар жіберілді.
Ата-аналар балаларының тегін тамақтануы үшін тиісті құжаттарын жинап тапсыруда. Асхана азық-түлікпен жабдықталған, жалға алушы нормативтік ережелерді стандарт бойынша орындауға міндеттенеді.
Бірінші сыныптың 25 оқушысы тегін тамақтанады. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 29,5% - ы ақшалай көмекпен және оқу құралдарымен қамтылды.
Білім берудің басты мақсаты-шығармашылық әлеуетін қазіргі жағдайда өз мүддесі үшін де, қоғам мүддесі үшін де жүзеге асыра алатын жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Балаларды қамтуды қамтамасыз ету және материалдық қолдауды қажет ететіндерді нақтылау мақсатында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға "Жалпы оқыту" бойынша әрбір балаға 40 мың теңгеден барлығы 1360000 теңге ақшалай көмек және қайырымдылық қорларының демеушілерінен көмек көрсетілді:
«Ақниет» қорынан әр балаға 10 мың теңге көлеміндегі оқу құралдары 3 балаға,"Самрұқ-Қазына" KEGOC компаниясынан бірінші сыныптың әр балаға 15 мың теңгеден 5 оқушысына сумка, оқу құралдары берілді.
Мектебіміздің түлегі Асылбек Жандәулет 4 оқушыға әр балаға 7 мың теңге көлеміндегі мектепке қажетті оқу құралдарымен көмектесті.
Барлығы 123 мың теңгеге демеушілердің көмегі көрсетілді.
Жалпы сомасы акция барысында 1483000 теңгені құрайды.
Ата-аналар өте риза. Ынтымақ ауылының ата-аналары мен мұғалімдері атынан "Жалпы оқыту" және барлық демеушілерге оқушыларымызды қамтамасыз ету бойынша қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіреміз.
Ауыл аумағында оқумен қамтылмаған балалар жоқ.
Сынып жетекшілері оқушыларының орналасқан жері, әлеуметтік жағдайлары туралы ақпаратқа ие.
Соцпедагог: Бейсенбаева Л. К.