Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Электронды ресурстар арқылы тіл үйрененіңіз

15.06.2022

Қазіргі кезде мемлекеттік тілді үйретудің инновациялық технологияларына негізделген, тәжірибеден өткен тиімді тәсілдері мен ресурстары жеткілікті. Бұл салада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді әзірлеп ұсынды.

1. Қазақ тілін үйренемін деуші азаматтарға арналған tilqural.kz, tilmedia.kz, balatili.kz порталдары;

2. Сөздік қорды байытуға бағытталған emle.kz, termincom.kz, sozdikqor.kz, qazcorpora.kz порталдары;

3. Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтырылу нұсқаулығы берілген qujat.kz порталы;

4. Еліміздегі жер-су атаулары жинақталған ономастикалық atau.kz порталы;

5. Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдеуге арналған qazlatyn.kz (портал және конвертер) порталы;

6. Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған tilalemi.kz сайты;

Аталмыш электронды ресустардың ең негізгі ерекшелігі компьютер, ноутбук, планшет, смартфон құрылғыларының барлығында қолжетімділігімен тиімді. Қазақ тілінүйренуге талабы бар кез келген азамат өзіне қолайлы порталда өзіне қолайлы уақытта өз бетімен үйрене алатындығына назар аударған жөн. Мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бұл жобалар көпшілік арасында қолдау тауып жатқанын да атап өткіміз келеді.

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст