Текст
25-27 ақпан күндері Семей қаласында өткен таеквондодан республикалық жарысқа мектебіміздің оқушылары «Juma-Nur» спорт клубының құрамында қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтар болсақ, осы сайыста 8 сынып оқушысы Амантай Дәуір — 3 орын, 5 сынып оқушысы Манарбек Ерлан — 2 орын, 3 сынып оқушысы Серікболұлы Санжар — 1 орын иеленді.
Оқушыларымызға тек қана толағай табыстар тілей отырып, оларды түрлі бәсекелерге тұрақты қатыстырып келе жатқан спорт клубының бапкерлері мен жетекшісін Махамбетов Асқар мырзаға алғыс айтамыз.