Текст
Бүгін ауылымызға Целиноград аудандық маслихатының депутаты Бутакова А. ханым келіп, халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге Арайлы ауылдық округінің әкімі Айтимбетов Зейнулла мырза да қатысты. Ақсақалдар бастаған халық өкілдері ауыл үшін өзекті болып отырған мәселелерді депутат пен әкім алдына жайып салды. Өз кезегінде олар да бұл мәселелердің кезегімен шешімін табатынын айтып тарқасты.
Кездесу мектебіміздің акт залында болып өтті.