Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні салтанатты шарасы

07.09.2021

Әдетте оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де ерекше есте қалатын шара - "Білім күні" мерекесі.Жаз бойы көрмеген мектеппен сағына қауышатын күн барлық адамның есінде ерекше қалары сөзсіз. Алайда, еліміздегі пандемиялық жағдайға орай былтырдан бері бұл күнді лайықты қарсы алуға санитарлық нормалар мүмкіндік бермей келген. Солай бола тұрса да, биылғы оқу жылы еліміздің әр мектебі үшін үлкен қуанышпен басталды.

1-қыркүйек күні 1 сыныпқа баратын оқушыларымыз үшін мектебімізде арнайы салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл шараны ұйымдастыру барысында барлық санитарлық нормалар қатаң сақталды. Салтанатты шара барысында биылғы оқу жылының басты ерекшелігі болған әліппе оқулығын оқушыларға мектебіміздің директоры Қаржаубай Хадиша мен ардагер ұстазымыз Құрмет Нұрсолтанұлы екеуі табыстады.

 

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст