Текст
Мектебіміздің оқушылары бірнеше жылдан бері таэквондо спортымен айналасып келеді. Осы аралықта жас жеткіншектеріміз республикалық талай сайцыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды. Оған тренер Махамбетов Асқар мырзаның сіңірген еңбегі ерен деп айтуға әбден лайық.
Жақында осы балалардың арасынан 11 сынып оқушысы Абылова Мерей мен 9 сынып оқушысы Нұрпейісов Санжарлар квалификациялық сынақты сәтті тапсырып, нұсқаушы куәлігін алды. Оқушыларымызды осы жетістіктерімен құттықтай отырып, алда тек биіктерден көріне берулерін тілейміз.