Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Достық» лагері туралы анықтама

30.06.2025

Ақмола облысы Целиноград ауданы

«Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Анықтама

«Достық» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері

«Достық» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің мақсаты:

   Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына ең алдымен, баланы әлеуметтік қорғау және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,мәдениетін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

2024 - 2025 оқу жылы І кезеңде 41 бала мектеп жанындағы лагерьге қатысады.

Жоспар бойынша іс – шаралар жүргізіледі.

«Достық» жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы

   Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды демалдыру жыл сайын дәстүрге айналған шара. Биыл да балалардың өмір қауіпсізідігі мен демалысына, дамуына көп жұмыстар жүргізіледі.

Мектебімізде «Достық» мектеп жанындағы сауықтыру лагері әдеттегідей өз жұмысын 1 маусым күні бастап кетті.

«Достық» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды.

Лагерьдің жұмыс уақыты 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.

1 маусым күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Достық» лагерінің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шара ерекше форматта өтті. Жазғы сауықтыру лагері, дене шынықтыру мұғалімдері ұйымдастыруымен өткен мереке балаларға қатты ұнады. Балалар көңілді әндер айтып, би би-леп, эстафеталық ойындарға қатысты.

 

Просмотров: 82

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст