ББЖМ зерттеуі өтті
2025 жылдың 25 сәуір күні Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 4 және 9 сынып оқушылары арасында Білім беруді басқару жүйесінің мониторингі (ББЖМ) аясында зерттеу жұмысы өткізілді.
Зерттеуге 4-сыныптан – 14 оқушы, 9-сыныптан – 17 оқушы қатысты. Қатысушылар құрамында қазақ және орыс тілінде оқытылатын сыныптардың оқушылары қамтылды.
Зерттеудің негізгі мақсаты – оқушылардың білім жетістіктерін бағалау арқылы білім беру сапасын арттыруға ықпал ету. Мониторинг шеңберінде оқушыларға оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану бағыты бойынша тапсырмалар ұсынылды.
Іс-шара Ұлттық білім беру деректер қорының жоспарына сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық санитарлық-гигиеналық және техникалық талаптарға сай өтті.