Текст
22 сәуір күні үзіліс уақытында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байгелова Айнагүл "Кім жылдам?" зияткерлік ойынын өткізді. Ойын оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте қызықты болғанын қатысушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктері байқатты.
Түстен кейін Тоқтаған Манарбек "Ана тілім - дана тіл" тақырыбында 4-11 сынып оқушылары арасында өлең жазуға қабілеті бар оқушылар арасында іс-шара өткізді. Оған өлең жазуға машықтанғысы келетін оқушылар келіп өлең жазуға деген алғашқы қадамдарын жасады. Шара барысында мұғалім алдымен оқушыларға өлең құрылысы мен өлең жазу техникаларын таныстырып, соңында оқушыларға арнайы тақырып беру арқылы өз өлеңдерін жазғызды.