Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 29.04.2021 ж күні оқушылардың арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша» әңгіме жүргізілді - ЖПҚ-ң ЮПТ Целиноград ауданы бойынша полиция капитаны Булегенов Асхат Бахитович.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен құқықтық оқыту, құқықтық ақпараттандыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөнінде «Қоғамдық орындарда, жолдарда, жазғы демалыста ата-анасының қадағалауынсыз суға түспеу, түнгі уақытта көшеде жүрмеу тәртіп ережелері» бойынша әңгіме жүргізілді-мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары Дуйсенова Айгуль Кайсаровна.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде өткізілген әңгіме жұмысы және олардың құқықтарын қорғу жөнінде оқушылармен сынып жетекшілерге жұмыстарды жандандыру, жазғы демалыс уақытында оқушылардың ата-аналар қадағалауында болатыны туралы айтылды. Айтылған сын ескертпелерге байланысты мектеп ережесін сақтау және оны қадағалау, мектеп мұғалімдері жазғы демалыс уақытында рейд жұмыстарын жүргізетіні туралы айтылды.