Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мың бала» Олимпиадасы

07.04.2025

«Мың бала» Олимпиадасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

Қазақстан Республикасындағы ауылдық жерлердегі талантты мектеп оқушыларын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау. Ауылдың дарынды балаларына жүйелі орта қалыптастырып, ұзақ мерзімді қолдау арқылы әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу, ұсыну.

2025 жылғы 1 сәуірде өткен республикалық Мың бала зияткерлік олимпиадасына Ынтымақ мектебінің 6 сынып оқушылары белсене қатысты. Олимпиадаға жалпы 14 оқушы қатысуы жоспарланған болатын. Алайда, олардың ішінен 13 оқушы олимпиадаға қатысып, өз білімдерін сынады. Бұл оқушылар олимпиадада жоғары нәтижелер көрсету үшін бар күш-жігерін жұмсады.

Осылайша, Ынтымақ мектебі олимпиадаға қатысу арқылы оқу жүйесінің сапасын арттырып, оқушыларының зияткерлік деңгейін танытуға мүмкіндік алды. Мың бала зияткерлік олимпиадасы оқу орындарының оқушыларды ақыл-ой және шығармашылық тұрғыда дамытуға арналған маңызды іс-шара болып табылады.

Просмотров: 1664


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст