Ынтымақ ауылының ЖОББ мектебінің 6 “Б” сынып оқушысы Сумина Ольга мен 7 “А” сынып оқушысы Отарбай Ахбота «ProEco» аудандық экологиялық жобалар байқауына қатысты. Нәтижесінде Сумина Ольга жүлделі 1 орынға ие болып, облысқа жолдама алса, Отарбай Ахбота жүлделі 3 орынға ие болды.
Сумина Ольга «Природа родного края» тақырыбы бойынша экологиялық жобасын қорғады. Мақсаты: туған өлкенің табиғатын аялап, туған өлкенің таңғажайып табиғатын қорғау. Жоба барысында туған өлке табиғатының ерекшеліктері көрсетілді. Жоба жетекшісі: география пәні мұғалімі Қаржаубай Х.Т.
Отарбай Ахбота «Үздік экологиялық бастама» номинациясы бойынша “Суды үнемдеу – болашаққа қамқорлық!” тақырыбында «Жаңбыр суын жинау жүйесі» экологиялық жобасын қорғады. Мақсаты: жаңбыр суын тиімді жинау және оны тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдалану арқылы суды үнемдеу. Жоба аясында Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы су тапшылығы және де жаңбыр суының пайдасы, сонымен қатар жаңбыр суын жинау жүйесінің күнделікті тұрмыстағы қолданылуы мен ауыл шаруашылығындағы пайдалы тұстары айтылды. Жоба жетекшісі: география пәні мұғалімі Шынарбай А.