Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21 наурыз - ұлттық тағамдар күні

26.03.2021

21 наурыз - ұлттық тағамдар күні

Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған.

Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған биылғы жылдың күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде төл тағамдарымыз молынан жасалуы тиіс. Сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері дәл осы күні жаңғыруы қажет.

Әсіресе, төрт түліктің сүтінен жасалатын тағамдардың орны ерекше. Олар бірыңғай денсаулыққа пайдалы дәрумендерден түзілген табиғи өнімдер. Мысалы құрттың құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екенінен хабардармыз. Ал кептірілген, қатты құртты жастайынан жеген баланың тісі берік болатынын екінің бірі біле бермейді. Қатты құрт тістердің қызылиектегі түбірін бекіте түсіп, оларды бұзылудан ұзақ уақытқа сақтайды.

9 "А" сынып оқушылары сынып жетекшісі Шынарбай Армангүлдің жетекшілігімен 21 наурыз - Ұлттық тағамдар күніне орай шағын іс-шара өткізді.

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст