Текст
Бүгін мектебімізде Химия, биология, география пәндері апталығы жоспарына сәйкес, Биология пәнінің мұғалімі Хурмет Д. ұйымдастырған "Табиғатты аялайық" атты іс-шара болып өтті. Аталған шараға 7, 8, 9 сынып оқущыларымен бірге мұғалімдер де қатысты. Шараның негізгі мақсаты жас жеткіншектерге ауылымыздағы қоршаған ортаны көркейту мекемесінің қызметкерлерін таныстырып, олардың табиғатты қорғау, көркейту жолында жасап жатқан еңбектерімен таныстыру, кәсіптерінің қиын да қызықты тұстары туралы әңгіме өткізу болды. Кездесу өте қызықты әрі тартымды болды.