Текст
Мақсаты: Жасанды интеллект (ЖИ) және үлкен деректердің (Big Data) жаратылыстану ғылымдарындағы рөлі мен мүмкіндіктерін түсіндіру.
•Қатысушыларды заманауи технологиялардың жаратылыстану пәндеріне тигізетін әсерімен және оларды оқытуда қолдану тәсілдерімен таныстыру.
•Жаратылыстану пәндеріне инновациялық әдістерді енгізу арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту.
•Оқытушыларға ЖИ құралдарын сабақ үрдісінде пайдалану жолдарын көрсету.
Мектепішілік семинарда ашық сабақтар мен мұғалімдерге арналған шебер сыныптар көрсетілді. Екі бөлімнен өткен семинарды мектеп директоры жоғары деңгейде бағалап, белсене қатысып өз тәжірибесімен бөліскені үшін спикер ұстаздарымызға сертификаттар табысталды.