АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ
"Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"
Өткізілген іс-шара:
"Ақмола облысы бойынша "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі"
Өткізілген күні:11 қарашы 2024 жыл
Өткізілген орны:
Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:
Міндеттері:
Аудандық кезең туралы ақпарат:
2024 жылдың 11 қарашасында Ынтымақ ауылында "Алтын сақа" аудандық математикалық олимпиадасының кезеңі өткізілді. Олимпиадаға Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінен 6 оқушы қатысты. Іс-шара мектеп ғимаратында офлайн форматта өтті, сонымен қатар, мектептегі бақылау камералары арқылы онлайн трансляция ұйымдастырылды.
Оқушылар олимпиада барысында өздерінің логикалық және математикалық қабілеттерін көрсетіп, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады. Олимпиаданың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қазылар алқасы тәуелсіз бақылаушылар құрамымен бекітілді.
Олимпиаданың жұмыстарын аудандық білім беру бөлімі тексереді, үздік нәтижелер көрсеткен оқушылар облыстық кезеңге жолдама алады.