1-сынып оқушыларының
тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы
Мектеп жасындағы балалардың дені сау, ақылды және белсенді болып өсуі үшін дұрыс тамақтануы- қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың «Балалар жылы» аясында 2022-2023 оқу жылында Қазақстанның 900 мың баласы тегін тамақпен қамтылады деген сөзі ата-аналарға жағымды жаңалық болды.
Біздің мектептің табалдырғын биыл аттаған 1-сыныптың 25 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар «Жалпыға бірдей міндетті» оқу қорының есебінен жекелеген әлеуметтік мәртебесіне байланысты аз қамтылған отбасынан шыққан балалар , жетім және әлеуметтік атаулы көмек алатын отбасылардан шыққан оқушылар тегін тамақтануы үшін ата-аналары құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша тапсыруда. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады. Тамақтың сапасын мониторинг комиссиясы жоспарлы тексеріп , оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалайды.
Сынып жетекшілері балаларды жастайынан дұрыс тамақтану тәртібіне үйрететін әңгіме сағаттарын жүргізеді. Мектеп медбикесі де бұл бағытта әр буын білім алушыларымен кеңес беру мақсатында жұмыстар жүргізеді.
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы оқушылар мен ата-аналар қауымын ақпараттандыру деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Мектеп директоры Қаржаубай Х. Т.