Текст

Құрметті сайт қолданушылары!
Сіздерді Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің мектептің басты міндеті - әр оқушының өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру деп білеміз. Сондай-ақ мектептің басты ұстанымы - ондағы әр бала тек қана оқушы емес, ол - тұлға! Барлық мұғалімдердің жұмысы оқушының қазіргі әлемде өмір сүруге, кез-келген өмір жағдайында жол таба білу сияқты негізгі дағдыларға ие болуына бағытталған.
05.11.2025
ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2025 жылдың 7 қарашасы күні сағат 16.00-де мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтеді.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ
05.11.2025
Педагогикалық кеңес
Кеше мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен педкеңес өткізілді.
Педкеңесте 1 тоқсандағы оқу-тәрбие жұмыстарының есептері тыңдалып, түрлі мәселелер талқыланды.
29.10.2025
Бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі бойынша есеп
Бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі бойынша есеп
Өткізу мерзімі: 13.10.2025 – 24.10.2025
Тақырыбы: «Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар»
Мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту....
06.10.2025
Шығармашыл балалардың аудандық «Ақберен» байқауы
Бүгін Целиноград ауданы Талапкер ауылының мектеп-гимназиясында шығармашыл балалардың аудандық «Ақберен» байқауы болды. Оған мектебімізден 3 номинация бойынша 8, 9, 10 сыныптан 3 оқушы қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша 8 сынып оқушысы Әскербекұлы Олжас...
02.10.2025
Халықаралық қарттар күні
Ақмола облысы Целиноград ауданы “Ынтымақ ауылының ЖОББМ” КММ
01.10.2025
*Анықтама:*
Қарттар күні — жыл сайын 1 қазан күні аталып өтетін халықаралық мереке. Бұл күн қарт адамдарға құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін бағалауға арналған....
24.09.2025
Туберкулез туралы
Ынтымақ ауылы ЖОББМ--23.09.2025 жылы
Туберкулез туралы не білуіміз керек атты тақырыпта 1-11 класс оқушыларына түсініктеме берілді, және видио роликтер көрсетілді.
Мақсатымыз: болашақ ұрпақ дені сау мықты азамат азаматшалар болуды, және жұқпалы ауырудан аулақ болуды...
19.09.2025
Ономастика сайысы
Қазақстан халқы тілдері онкүндігі аясында мектебімізде ономастика бойынша 8-11 сынып білім алушылары арасында жарыс өтті. Қазылар алқасы командалардың ономастика, антропонимика бойынша білімдерін бағалады. Іс-шараны мұғалім Батабекова Г. Ж. ұйымдастырды.
19.09.2025
Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім
Ынтымақ ЖОББ мектебінде қазақтың ұлы перзенті А. Байтұрсынұлының өмір және ағартушылық еңбек жолына арналған әдеби кеш болып өтті. Іс-шараны мектеп кітапханашысы Г. Төлеухан және қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі А. Амангелді ұйымдастырды.
15.09.2025
Мені шабыттандыратын сөз
Ағымдағы оқу жылының 11 қыркүйек күні Ынтымақ ауылының ЖОББ мектебінде мұғалімдер Тоқтаған М., Хайрат Т., Иглик А. тарапынан "Мені шабыттандыратын сөз" тақырыбында фото-жоба ұйымдастырылды.
15.09.2025
Ана тілім - ажарым
Тілдер онкүндігі аясында мектебімізды "Ана тілім - ажарым" тақырыбында ашықхат іс-шарасы ұйымдастырылды.